IX Международный конкурс вокалистов Бибигуль Тулегеновой

  • Home
  • Kazakhstan
  • Almaty
  • IX Международный конкурс вокалистов Бибигуль Тулегеновой

IX Международный конкурс вокалистов Бибигуль Тулегеновой Официальная страница Народной артистки СССР Бибигуль Тулегеновой

Бүгін КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, КСРО және Қазақстанның Мемлекеттік сыйлықтарының иегер...
16/12/2023

Бүгін КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, КСРО және Қазақстанның Мемлекеттік сыйлықтарының иегері, қазақ классикалық өнерінің бұлбұлы Бибігүл Төлегенованың туған күні!

Тәуелсіздік мерекесімен тұспа-түс келіп отырған туған күн құтты болсын! Дені сау болып, әуезді әнімен, ұрпақтарымен мың жасасын!

19/09/2023

Классикалық өнердегі дара жоба -

17 қыркүйек күні Алматыда Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында Бибігүл Төлегенованың ХІІ Халықаралық вокалистер конкурсының лауреаттарының қаты....

Торжественное закрытие и Гала- концерт с участием лауреатов XII Международного конкурса вокалистов Бибигуль Тулегеновой ...
19/09/2023

Торжественное закрытие и Гала- концерт с участием лауреатов XII Международного конкурса вокалистов Бибигуль Тулегеновой прошли в Алматы в Казахском национальном театре оперы и балета имени Абая 17 сентября 2023 года.

В церемонии награждения приняли участие представители министерства культуры и информации РК, акимата города Алматы, а также члены жюри XII Международного конкурса вокалистов Б. Тулегеновой. Социальным партнером конкурса выступи Фонд развития социальных проектов «Samruk-Kazyna Trust».

В этом году премия уходит в Азербайджан. Гран-При конкурса и звания лауреата удостоился молодой исполнитель из Баку Тагизаде Махир.

1 премия и звание лауреата присуждаются:
Омарова Азиза – Астана, Казахстан
Бекен Аблай – Астана, Казахстан
2 премия и звание лауреата :
Аманбай Нургалым – Алматы, Казахстан
Караев Аташ – Баку, Азербайджан
Хао Ляньцзе – Цзыбо, Китай
3 премия и звание лауреата:
Куаншалиева Аяжан – Алматы, Казахстан
Нурсултанов Дияр Алматы, Казахстан
Саматов Максат – Алматы, Казахстан
Цолакян Галина – Ереван, Армения

Призом за лучшее исполнение произведения композитора Казахстана награждается:
Тагизаде Махир - Баку, Азербайджан

Специальные призы:
Приз за лучшее исполнение произведения композиторов Казахстана из репертуара Бибигуль Тулегеновой присуждается:
Хайрулла Айбек (Астана, Казахстан)
Приз «Надежда» имени Марьямгуль Тулегеновой присуждается:
Ю Жоян (Китай)
Диплом лучшего концертмейстера конкурса присуждается:
Иванова Виктория – Россия
Жазыкбаева Зару – Казахстан

Всех участников конкурса поблагодарила за участие Председатель жюри конкурса, народная артистка СССР и Казахстана, Герой Социалистического труда, лауреат Государственных премий СССР и Казахстана, академик, легенда казахского классического искусства, гордость Казахстана Бибигуль Ахметовна Тулегенова:
""Я от души поздравляю с завершением нашего большого вокального конкурса – талантливых молодых исполнителей. Огромная их заслуга в том, что этот праздник высокого искусства состоялся! Международный конкурс вокалистов Бибигуль Тулегеновой – это не о Бибигуль Тулегеновой, - это о Казахстане, конкурс этот - достояние всей страны. Конкурс поднимает престиж Казахстана”

19/09/2023

Бибігүл Төлегенованың ХІІ Халықаралық вокалистер конкурсының жеңімпаздары анықталды

17 қыркүйек күні Алматыда Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында Бибігүл Төлегенованың ХІІ Халықаралық вокалистер конкурсының лауреаттарының қатысуымен гала-концерт өтті.

Марапаттау кешіне ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Алматы әкімдігінің өкілдері мен Бибігүл Төлегенованың ХІІ Халықаралық вокалистер конкурсының қазылар алқасы қатысты. Конкурстың әлеуметтік серіктесі - «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

Кеште конкурсқа қатысқандар ішінде арнайы сыйлық иегерлері мен Гран-при жеңімпаздың есімі анықталды. Сонымен биылғы нәтиже бойынша Әзірбайжан астанасы – Бакуден келген Махир Тагизаде Бибігүл Төлегенованың ХІІ Халықаралық вокалистер конкурсының жеңімпазы атанды.

1 премия және лауреат атанғандар:
Азиза Омарова – Астана, Қазақстан
Абылай Бекен – Астана, Қазақстан
2 премия және лауреат атанғандар:
Нұрғалым Аманбай – Алматы, Қазақстан
Аташ Караев – Баку, Әзірбайжан
Ляньцзе Хао – Цзыбо, Қытай
3 премия және лауреат атанғандар:
Аяжан Қуанышәлиева – Алматы, Қазақстан
Дияр Нұрсұлтанов – Алматы, Қазақстан
Мақсат Саматов – Алматы, Қазақстан
Галина Цолакян – Ереван, Армения
Қазақстан композиторларының туындысын шебер орындағаны үшін марапатталғандар:
Махир Тагизаде - Баку, Әзірбайжан

Арнайы сыйлық иегерлері:
Бибігүл Төлегенованың репертуарынан Қазақстан композиторларының әндерін үздік орындағаны үшін марапатталғандар:
Айбек Хайрулла (Астана, Қазақстан)
Мәриямгүл Төлегенова атындағы «Үміт» сыйлығын иеленгендер:
Жоян Ю (Қытай)
Конкурстың үздік концертмейстері атанғандар:
Виктория Иванова – Ресей
Зәру Жазықбаева – Қазақстан

Конкурстың қазылар алқасының төрайымы, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, КСРО және Қазақстанның Мемлекеттік сыйлықтарының иегері, академик, қазақ классикалық өнерінің бұлбұлы Бибігүл Төлегенова арнайы құттықтау сөзін арнады:
"Біздің вокалдық конкурстың барлық қатысушыларын, жас талантты орындаушыларды шын жүректен құттықтай отырып, осы байқауға қолдау білдірген ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне және министр А.Балаеваға, Алматы әкімдігіне, «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорына, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрына және біздің барлық демеушілерімізге алғыс білдіремін. Олардың қолдауының арқасында конкурс ойдағыдай өтті. Бибігүл Төлегенованың Халықаралық вокалистер конкурсы Бибігүл Төлегенованың жеке конкурсы емес, бұл Қазақстан туралы, ел мәдениетінің игілігі. Конкурс ең алдымен Қазақстанның атын шығаратын жоба. Біз тек мұнаймен, газ, уран және бидайымызбен ғана бай емеспіз, біз мәдениетімізбен, жоғары деңгейдегі классикалық өнерімізбен де баймыз. Бұл байқау Орталық Азия елдеріндегі классикалық өнердегі жалғыз жоба болғандықтан біздің конкурсқа қатысу үшін алыс және жақын шетелдерден көптеген талант иелері келіп, кәсіби опера және концерттік камералық әншілер жиналады. Бұл біз үшін жетістік, қуаныш. Биылғы конкурс әдеттегідей жоғары деңгейде өтті. Конкурста жаңа есімдер аталды, классикалық өнердің жас қарлығаштары қанаттарын қақты және олар Бибігүл Төлегенованың Халықаралық вокалистер конкурстының лауреаттары атанады. Бұл дегеніміз Қазақстанның мақтанышы. Дәл осы конкурстың лауреаттары әлемдік сахнаға шығып, Қазақстаннан шыққан әншілер еліміздің атын шығарады».

Бибігүл Төлегенованың ХІІ Халықаралық вокалистер конкурсының жеңімпазы Махир Тагизаде журналистерге берген сұхбатында: «Қуанышым қойныма сыймай тұр, бұл конкурсқа үш рет қатысқым келсе де бірде бір жол түспеген еді. Енді міне, қатысы, жеңімпаз атандым. Мен өз елімдегі және басқа да көптеген халықаралық конкурстарға қатысқанмын. Бұл жолы Алматыда, Қазақстанда, Бибігүл Ахметқызының Отанында өткен байқауға қатысқаныма өте қуаныштымын. Қазақстанды екінші үйім деп санаймын. Конкурс талабы бойынша біз қазақ романсын орындадық, одан өзге өзімнің жеке қалауым бойынша финалда «Абай» операсынан ария орындадым. Қазақтың классикалық музыкасын орындау жаныма рахат сыйлайды».

Гала-концертте Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен (дирижері Е.Ахмедьяров) конкурс лауреаттары ең танымал қазақ және шетелдік классикалық әндерді орындап, тыңдарманның құлақ құрышын қандырды.
Айта кетейік, Бибігүл Төлегенованың Халықаралық вокалистер конкурсы 2001 жылдан бері әр екі жыл сайын өткізіліп тұрады. Биыл Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының мерейтойлық 90-ашылу маусымының аясында өткізілді.
Биыл он екінші рет өткізіліп отырған конкурсқа 70-тен астам өтініш келіп, оның 66-сы қатысты. Яғни әлемнің 11 елінен жас таланттар бақтарын сынады. Қазақстанның, Ресей, ҚХР, Чехия, Люксембург, Италиядан әлемдік опера өнерінің майталмандарынан тұратын жоғары деңгейдегі кәсіби халықаралық қазылар алқасы қатысушылардың өнеріне баға беріп, үздіктерін анықтады.

https://zanmedia.kz/zha-aly-tar/108168/
19/09/2023

https://zanmedia.kz/zha-aly-tar/108168/

17 қыркүйек күні Алматыда Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында Бибігүл Төлегенованың ХІІ Халықаралық вокалистер конкурсының лауреаттарының қаты....

https://nurlyolke.kz/archives/75380
19/09/2023

https://nurlyolke.kz/archives/75380

17 қыркүйек күні Алматыда Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында Бибігүл Төлегенованың ХІІ Халықаралық вокалистер конкурсының лауреаттарының қаты....

19/09/2023

17 қыркүйек күні Алматыда Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында Бибігүл Төлегенованың ХІІ Халықаралық вокалистер конкурсының лауреаттарының қатысуымен гала-концерт өтті.

Марапаттау кешіне ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Алматы әкімдігінің өкілдері мен Бибігүл Төлегенованың ХІІ Халықаралық вокалистер конкурсының қазылар алқасы қатысты. Конкурстың әлеуметтік серіктесі – «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

Sign in Welcome! Log into your account your username your password Forgot your password? Get help Create an account Create an account Welcome! Register for an account your email your username A password will be e-mailed to you. Password recovery Recover your password your email A password will be e-...

https://zanmedia.kz/zha-aly-tar/108171/
19/09/2023

https://zanmedia.kz/zha-aly-tar/108171/

Торжественное закрытие и Гала- концерт с участием лауреатов XII Международного конкурса вокалистов Бибигуль Тулегеновой прошли в Алматы в Казахском национальном т...

19/09/2023

https://uakytnews.kz/archives/26343

Sign in Welcome! Log into your account your username your password Forgot your password? Get help Create an account Create an account Welcome! Register for an account your email your username A password will be e-mailed to you. Password recovery Recover your password your email A password will be e-...

https://nurlyolke.kz/archives/75383
19/09/2023

https://nurlyolke.kz/archives/75383

Торжественное закрытие и Гала- концерт с участием лауреатов XII Международного конкурса вокалистов Бибигуль Тулегеновой прошли в Алматы в Казахском национальном т...

https://kaz.inform.kz/news/-03494d/
19/09/2023

https://kaz.inform.kz/news/-03494d/

Алматыда Бибігүл Төлегенова атындағы ХІІ халықаралық вокалистер конкурсы аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сегодня, 16 сентября 2023 года состоялся финал XII Международного конкурса вокалистов Бибигуль Тулегеновой. Подведены ит...
16/09/2023

Сегодня, 16 сентября 2023 года состоялся финал XII Международного конкурса вокалистов Бибигуль Тулегеновой.
Подведены итоги Конкурса, среди 14 сильнейших молодых исполнителей классической музыки выбраны Лучшие.

Завтра, 17 сентября в Казахском Национальном театре оперы и балета состоится торжественное закрытие Конкурса, церемония награждения лауреатов- победителей, обладателя Гран-при и Гала-концерт. В его программе - лучшие образцы казахской и зарубежной классики в исполнении лауреатов Конкурса в сопровождении симфонического оркестра КНАТОБ имени Абая (дирижер Е.Ахмедьяров).

14 сентября 2023 года завершился трёхдневный отборочный тур Международного конкурса вокалистов Бибигуль Тулегеновой , по...
14/09/2023

14 сентября 2023 года завершился трёхдневный отборочный тур Международного конкурса вокалистов Бибигуль Тулегеновой , по результатам которого определились финалисты. 14 человек вышли в финал Конкурса, который пройдет 16 сентября текущего года.

Сегодня всем участникам конкурса, а это 66 человек вручили памятные дипломы.

Всех участников конкурса поблагодарила за участие и пожелала успехов и достижений в творчестве Председатель жюри конкурса, легенда казахского классического искусства Бибигуль Ахметовна Тулегенова.

А вышедшим в финал конкурсантам напутствовала прийти на решающий тур с отличной подготовкой, максимально выложиться, проявить себя, продемонстрировав всё своё мастерство и талант и пожелала удачи.

Address

Бұзырбаев көшесі 19
Almaty

Telephone

+77013606663

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when IX Международный конкурс вокалистов Бибигуль Тулегеновой posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to IX Международный конкурс вокалистов Бибигуль Тулегеновой:

Videos

Share


Other Performance & Event Venues in Almaty

Show All

You may also like