Garden Hall

Garden Hall Garden Hall ресторан

Егер маған әлемді саяхаттау мүмкіндігі берілсе, сөзсіз әлемнің музейлерін аралар едім. Жакмар-Андре, Римдегі Боргезе, Оп...
29/01/2023

Егер маған әлемді саяхаттау мүмкіндігі берілсе, сөзсіз әлемнің музейлерін аралар едім. Жакмар-Андре, Римдегі Боргезе, Опера Дель Дуома, Нью Йорктағы Метрополитен… шіркін. Археологиялық музейлер, географиялық музей….

Палаткада да той басқардық-ау. Радио микрофон деген бізде қайдан болсын, шнуры ұзыыыыыын микрофон аласың, оның шнуры топ...
27/01/2023

Палаткада да той басқардық-ау. Радио микрофон деген бізде қайдан болсын, шнуры ұзыыыыыын микрофон аласың, оның шнуры топыраққа батады, шаң басу үшін жерге су себеді, оның балшығы микрофонның шнурына жабысады, шнурдағы шаң мен батпақ үстіңе жұқпасын деп бір қолыңмен микрофон, бір қолыңмен кабельді алысырақ ұстап палатканың ішінде жүресің айналып, келген ізіңмен кері жүріп, кабельді басып кетпесін деп. Сол кездегі дыбысты айтам, қандай тып тынық, қандай тап таза еді. Шағын ғана апаратура, үш жүз ваттан екі-ақ колонка. Қазір соның бәрі өтірік сияқты. Ініміз Әліби екеуміз Саина Жандосовада тұратын Шилман деген немістен арендаға апаратура аламыз. Бір күнге 3000тг. Ол әлем ақша. Олай дейтінім Тамада мен Музыкаға алатынымыз 50$ яғни 7000тг. Оның 3000тенгесін Шилманға әкеліп береміз, Шакеңде ескертіп жібереді, “тойдан кейін бірден әкелмесеңдер ақша қосасыңдар” деп. Таңға жуық тойды бітіріп, мас боп қалмаған біреуі көлігімен алып келеді, апаратураны өткіземіз. Қалтада төрт мың теңге және багаж толы сарқыт. Жалдамалы квартирамызға келеміз, сарқыт күтіп отырған балдар шетінен ояна бастайды. Таңға дейін тойдың әңгімесін айтып салатқа араласқан алма жеп немесе сок төгілген салатты жеп мәре сәре болатынбыз. Солай жүріп күнде той. Арманымыз қалада ресторанда той басқару. Ресторан болғанда қайбір ресторан дейсің, мектептің столовыйы, колледждің актовый залы дегендерде кәдімгідей дәу тойлар болатын. Жұлдыз, Дом приемов, Отырар, Жалын деген элитаның элитасы той жасайтын ресторандар болды. Ол жерлерде Амантай аға Берғалиев, Ілияс ағалар жүретін. Ол кіслердің қолын алу қиямет кезең. Қазір кейде ресторан таңдап, акустикасы нашарлау ресторанға той қабылдағың келмей тұрғанда, Аязбидің шапаны секілді, баяғыыыыы төрт мың теңгеге спорт залда басқарғаныңды ойлап қоясың…
Еске алатын әңгімелер көп екен, осыны циклды түрде жазсам қалай болар екен и а?!

Address

Ауезова
Kokshetau

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Garden Hall posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Videos

Share

Category


Other Event Planners in Kokshetau

Show All

You may also like