08/04/2024
Қызылорда қаласы әкімдігінің “Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде “Ten Qogam” мүгедектігі бар адамдарды қолдау орталығы бүгін “Мен өмірге құштармын” тақырыбында тренинг өткізді. Тренингке мүгедектігі бар жандар қатысты. Біздің психолог маман Назира Кенжебекқызы қатысушыларға қызықты ойындармен, түрлі тапсырмалар беріп, өз ара сұхбаттасып, уақытты қызықты өткізді. Қатысушылар бір бірімен танысып, бұндай көңілді тренингтер алдағы уақытта да көптеп болса деп, өз алғыстарын жеткізіп тарқасты!
#кызылорда #2024